Қазақ қызы

Әрине, бұл менің жеке пікірім. Онымен келіспеулеріңіз де мүмкін. Себебі, осы екі қасиетті бірдей бойына сіңірген адамдар өздерінің арман-қиялдарына оңай жететін сияқты болады да тұрады. Оған жауапты алдағы уақытта бере жатармын.

Кезінде орыс композиторы П.И. Чайковский адам бойында 1 пайыз ғана таланттың болатынын, 99 пайызы талаптану арқылы келетінін айтып кеткен екен. Осы тұжырыммен толықтай келісемін. «Ынта мен талап — адамзат баласы үшін ең қажетті қасиет» дейтінім де осы. Себебі, «Блог», «Қазақ блоггерлері» деген ұғымдарды алдын жете түсіне бермеуші едім.  Блог ашу — қол жетпес қамал сияқты көрінетін. Алайда, іздегенге сұраған демекші, қазақ интернетінің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген Серікқазы Кәкібаланов ағамыздың БАҚ жүйесіндегі интернет мүмкіншіліктері жайлы семинары, ол пікірімнің терістігіне көз жеткізіп, өмірге тағы бір қазақша блогтың келуіне септігі тиді.

Осылайша төрт ай бұрын ашылған блог  түрлі сылтаулардың жетегінде жүрді. «Күнделік» қараусыз қалды. Дегенмен, онымен  қауышудың сәті қайта түсті. Бұдан-былай, оны әрдайым жаңартып отырмақ ниеттемін. Сын түзелмей, мін түзелмейді демекші, блогыма қатысты сын-ескертпелерді дұрыс қабылдауға дайынмын. Бұл ретте, белгілі бір мақсатты көздеген замандастарымды, ынтаның арқасында кез келген шыңды бағындыруға болатынына сендіргім келеді.

Реклама

КҮНТІЗБЕ

Ноябрь 2017
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Мар    
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930